Рус Каз

Новости : «Бірлігі жарасқан қазақ елі»

20.10.2015

 

Сүйемін туған тілді анам тілім,

Бесікте жатқанымда-ақ берген тілім!

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін- деп С. Торайғыров айтып кеткендей, әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін аққаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Өйткені мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе. Сол себепті ҚР Тілдері мерекесінің он күндігі кезінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектерінің емханасында 2015 жылдың қыркүйек айының 25-ші жұлдызында «Бірлігі жарасқан қазақ елі» атты медицина қызметкерлері арасында сайыс өткізілді. Бұл күні Ақмола облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Төлекеев Қаратай Бәйкенұлы емхананың 6 маманына мемлекеттік тілді оқып, толық курсын аяқтағаны жайлы сертификаттарды тапсырды. Емхананың бас дәрігері Закрина Бағила Доскенқызы бұл шараға ат салысып, ісшараның жоғары деңгейде өткізілуіне қол ұшын берді. Бұл айтулы шарада тек мемлекеттік ғана тіл емес, еліміздегі барлық ұлттардың тілдеріне құрмет көрсетілді.

Іс шараға емхананың «Хан», «Халықтар достығы», «Күзгі мереке» атты 3 тобы қатысты. Нәтижесінде бұл сайысқа қатысқан әрбір қатысушы тіл жанашыры екендіктерін байқатты. Қорытындысында «Хан» тобы озып шығып І жүлделі орынға ие болды.Ал «Халықтар достығы» ІІ орынды, «Күзгі мереке» ІІІ орынды иеленді. Тіл мерекесінде әр түрлі ұлттардың әні шырқалып, көркем билері биленіп, ұлттық тағамдар түрлері ұсынылды. Сахнаға шыққан әрбір ұлттың киім үлгісінен, сол тілдерде шырқалған ән-жырлардан олардың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрыптары айқын аңғарылды. Әр топқа құрмет грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Архив новостей
Архив новостей